"Жаңа деңгей". Сарапшы Әлімханұлының АҚШ-тағы алғашқы нокаутына баға берді
© Top Rank
ESPN журналисі Фернандо Барбоза Vesti.kz тілшісімен сұхбатында АҚШ-тағы нокаутынан кейін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (5-0, 2 КО) болашағына баға берді.
"Әлімханұлының жұдырықтасқанын алғаш көруім. Жақсы әсер қалдырды. Қобалжығаны көрініп тұрды, бірақ, ол өзін жеңе алды. Әлімханұлы жылдам, мықты әрі нәтижелі жұдырықтасты. Болашағынан үміт зор сияқты. Оның жекпе-жектерін тамашалайтын боламын. Оны Джеймс "Бадди" МакГирт жаттықтыратыны қуантады. Бұл маман Әлімханұлына жаңа деңгейге шығуға көмектеседі", - деп атап өтті Барбоза.
Еске салайық, Орта салмақта жұдырықтасатын 25 жастағы Жәнібек Әлімханұлы Фриско қаласындағы The Ford Center at The Star аренасында The Hitman ("жалдамалы баскесер") лақап атты америкалық Стивен Мартинесті (18-5, 13 КО) жеңген еді.
Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек бесінші раундта америкалықтың командасы жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін тоқтатылды. Осылайша, қазақстандық АҚШ-та алғаш рет техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр. Сонымен бірге, америкалық боксшы үшінші раундта нокдаунға түскенін де айта кетейік.

Жарнама