Бокс
19 ақпан 2022 11:58

Жан Кособуцкийдің WBC белбеуі үшін жекпе-жегі өтпейтін болды

©instagram.com/kossobutskiy/

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) Гамбург қаласында WBC тұжырымының белбеуін үшін жоспарланған кездесуі өтпейтін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Негізі жекпе-жек бүгін, 19 ақпанға жоспарланған еді. Бірақ франциялық Йохан Дюпоға (39-6, 26 КО)  қарсы айқас өтпейтін болды. 

- Жекпе-жек өтпейтін болды ма? 

- Иә, деп жауап берді Кособуцкий. 

- Бұл кездесуде чемпиондық белбеу сарапқа салыну керек еді ғой ...

- WBC International белбеуі. 

Отандасымыз кездесудің не үшін болмайтын себебін түсіндіруден бас тартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport