Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы белгілі болды

©instagram.com/kossobutskiy

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін 33 жастағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) өзінің келесі кездесуін ресейлік Арлсанбек Махмудовпен (15-0, 14 КО) өткізеді, деп хабарлайды The Ring. Мұндай шешімді Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) шығарды. 

Бұл кездесу Махмудов 16 желтоқсан күні нигериялық Рафаэль Акпеджиоримен өткізгеннен кейін болады. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Кособуцкий WBC International белбеуінің иегері. Ал Махмудовта аса ауыр салмақта NABA, NABF және WBC Silver белбеулері бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар