Аса ауыр салмақта WBA Intercontinental белбеуінің иегері Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) кәсіпқой рингте кезекті титулды жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
20 қараша күні жерлесіміз Доминикан Республикасының өкілі Бенджамин Гарсиямен (11-0, 7 КО) айқасады. 10 раундқа жоспарланған кездесу Германияның Гамбург қаласында өтеді.
Қос алыптың WBC International Silver вакантты титулына таласатынын айта кеткен жөн.
Кособуцкий мен Гарсия жекпе-жегін "Хабар" арнасының тікелей эфирінен елорда уақытымен түнгі сағат 00:00 тамашалай аласыздар.