Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) келесі кездесуін Германияда өткізеді, деп жабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Universum Boxing компаниясының хабарлауынша, Кособуцкий 21 мамарыда Гамбург қаласында шаршы алаңға франциялық Йохан Дюопаға (39-6, 26 КО) қарсы шығады.
Олардың кездесуі үстіміздегі жылдың ақпанында өтуі тиіс еді, бірақ жекпе-жек болған жоқ. Боксшылар WBC International титулын сарапқа салады деп күтілуде.