Жан Кособуцкий келесі кездесуін 11 жеңісі бар боксшыға қарсы өткізеді

©Universum

WBA International белбеуінің иегері 32 жастағы Жан Кособуцкидің (16-0, 15 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, келесі кездесуін қазақстандық боксшы 32 жастағы Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Бенджамин Гарсиямен (11-0, 7 КО) өткізеді. 

Гарсия кәсіпқой бокстағы карьерасын 2016 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін ол 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Жеті мәрте қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Алайда ол барлық кездесулерін өз елінде өткізген. Қазіргі уақытта доминикандық боксшы BoxRec рейтингінде 67 орында болса, Кособуцкий 30 орында тұр. 

Бұл кездесу 20 қараша күні Гамбург (Германияда) қаласында өтеді деп жоспарланған. Алдағы кездесуде отандасымыз аса ауыр салмақта WBA International белбеуін қорғайды. 

Еске салайық, Кособуцкий ақырғы кездесуін тамыз айында өткізіп, америкалық Джой Давейконы (21-9-4, 12 КО) жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: