"Жалп еткізсем...". Майк Тайсон қолының қышуын көше төбелесінде қандырмақ

Сурет: ESPN

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Майк Тайсон кейінгі кезде көше төбелесіне қатысқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы essentiallysports.com порталы хабарлап отыр. 

"Көшеде төбелескім келіп жүр. Біреу менімен жұдырықтасса деймін. Бұл құлаққа түрпідей тиетінін білемін, иә? Әйелім маған үнемі айқайлайды, бірақ, мен біреуді жалп еткізгім келеді", - дейді Тайсон.

54 жастағы Тайсон кәсіпқой карьерасында 58 жекпе-жекке шығып, елуінде жеңіске жеткен - 44 нокаут. Cонымен бірге, ол алты рет жеңілген және екі кездесуі есепке алынбады.

Ал кейінгі рет ол әйгілі Рой Джонспен жекпе-жек өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport