"Жалдамалы баскесер" лақап атты британиялық боксшы Нэтан Хини (18-0, 6 КО) орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәніек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жек өткізу жоспары туралы айтты, деп жазады Vesti.kz.
Хини былтыр Әлімханұлының бұрынғы қарсыласы Дензел Бентлиден Ұлыбритания чемпионы атағын тартып алды, осыдан кейін Жәнібекпен шыққысы келетінін мәлімдеді.
"Мен шыққым келетін нақты бір боксшы ма? Мен үшін ең жақсысы алдымен британиялық титулды қорғау, одан кейін Юбенк сияқты біреумен айқас. Егер осы кездесулерде жеңіп жатсам, Жәнібекпен кездескім келеді. Жәнібекпен қуана-қуана жұдырықтасар едім, ол Сток-он-Трентке келетініне сенімдімін, бірақ кім білсін... Біздің жекпе-жекті Вегаста да ұйымдастыруға болады немесе тағы бір жерде. Қысқасы былай: алдымен британиялық титулды қорғау, одан кейін осында айқас, ал жыл соңында Жәнібекпен жекпе-жек", - дейді Хини Seconds Out-қа берген сұхбатында.