Аманқұл мен Кахрамонов жекпе-жегі 8 наурыз Амманда өтеді.
"Өте мықты, оны жақсы білемін. Сыйлаймын. Өте тәжірибелі. Сол сияқты бола аламын деп үміттенемін. Жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Әр кездесу сайын күшейіп, осы рингке бейімделіп келемін. Дайын боламын", - дейді өзбекстандық боксшы.