Ал Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомес трилогия "Канело" шешіміне байланысты екенін айтқан.
"Трилогия тамаша өтуі мүмкін, дегенмен, "Канело" - Головкин жекпе-жегін биыл көре алатынымызға кепіл жоқ. қалай дегенмен Гомес осындай сыңай танытты.
"Иә, алғашқы екі жекпе-жек Головкин мен оның жақтастарында жағымсыз әсер қалдырды. Бірақ Альварес - чемпион, қазір оның дәуірі жүріп тұр. Гомес солай дейді.
Гоместің сөзінше, Оскар Де Ла Хойя жұмада Альвареспен кездесіп, келесі жекпе-жектерін талқылау керек. Гомес тағы да, өзі де, Де Ла Хойя да шешім қабылдай алмайтынын айтты.
Ал трилогияның қыркүйекте немесе келесі жылы болсын көргісі келе ме деген сұраққа Гомес: "Екі нұсқа да жақсы. Дегенмен бұл маңызды емес. Айтпағым, "Канело" Головкинмен екі рет жұдырықтасып, екі рет жеңді. Бұл қай уақытта боп қалары белгісіз.
Алайда "Канелоның жасы 28, ал Головкину 37-ге келгенін ұмытпау керек. Егер трилогияны биыл немесе ары кетсе келесі жылы мамырда көрмесек, онда ешқашан көрмей кетуіміз мүмкін", - деп жазыпты автор.