"Жағы темір, нокауттары сұрапыл". Сарапшы Батыр Жүкембаевтің келесі қарсыласының қаупін атады

Сурет: facebook.com/eottmboxing/

Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) үлкен айқастарға шығуға дайын. Дегенмен пуэрториколық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) қазақ боксшы үшін қауіпті қарсылас. ITRBoxing.com порталының негізін қалаушы Луки Кеттель Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. 

"Жүкембаевтың мықтылғы бірден байқалып тұр. Оның техникасы жақсы солақай боксшы, ол Головкиннің әсерімен өскен. Әрине оның стилі өзгешелеу. Алайда аты шыққан отандасына ұқсастық байқалады. Жалпы ол мығым, тәжірибелі және үлкен айқастарға дайын екені көрінеді. 

Алаңдататын бірақ дүние оның жағы. Джонатан Хосе Энизамен жекпе-жекте нокдаунға түсіп қалғаны бар. Ал Матиас ол боксшыны оңай жеңген. Сабриельдің жағы темір және нокауттар статистикасы сұмдық. Ол жекпе-жек кезінде қарқынын күшейтіп, қарсыластарын осылай шаршатады. Алайда оның әдістер техникасы Джүкембаевқа қарағанда аздау. 

Жалпы түрлі болжам жасауға болады. Екі боксшы да болашағы зор, мықты жігіттер. Нақты айта алатыным, тамаша айқас болады. Бұл кездесу бекер бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірі болып отырған жоқ", - дейді Кеттель.