"Жағдайы қиындай түседі...". Шетелдік сарапшы Садриддин Ахмедовтың карьерасы жайлы

©Eye Of The Tiger Management

Қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Канаданың ең мықты проспекті атағын қайтару керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingtalk.com порталының шолушысы Иван Монтиэль осындай пікір білдірді.

"Ахмедов өте жақсы бастады. Пандемияға дейін ол жиі жұдырықтасып, үнемі назарда жүретін. Алайда кейінгі екі жылда ол рингке бір рет қана шықты. Боксшының амбициясы мен әлеуетін есепке алсақ бұл жақсы емес. 

Садриддин жас, күші тасып тұр, алайда, өз ырғағына қайта түсе алмай келеді. Жазда жұдырықтасу керек еді, жарақат бөгет болды. Жыл соңына дейін рингке оралмаса жағдайы қиындай түседі. Ол үлкен жекпе-жектерге шығу мүмкіндігінен айырылып қалған талантты боксшылардың жолын қайталайды деген қорқыныш бар", - дейді Монтиэль.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport