"Жағдай өзгерді, қарым-қатынас та басқа". Головкин "Канеломен" жекпе-жекке қатысты

24 желтоқсан 2020 11:17
Сурет: Los Angeles Times

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (54-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек туралы ойын айтты. 

"Альварес әлемге біздің үшінші жекпе-жек туралы ойын ашық айтты. Жақсырақ ұсыныс күттім деп, турасын ашық айтты. Оны көбірек толғандыратын мәселе осы. Сондықтан оған сол бір ұсыныс жасалса - маған қатысты - екеумізге де тұщымды ұсыныс жасалса, үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін. Ал егер екі тараптан біреуі ұсынысқа риза болмаса, бұл басқа әңгіме. Уақыт өтті, жағдай өзгерді - қазір жағдай өзге, қарым-қатынас та басқа", - деп береді Головкиннің сөзін The Athletic.