Бокс
10 қараша 2022 07:49

"Жабайы агрессормен" айқаста Әлімханұлы кедергіге ұшырайтыны айтылды

©Top Rank

Алдағы жексенбі, 13 қарашада орта салмақта WBO чемпины Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) ұлыбританиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 KO) қарсы жекпе-жек өткізіп, титулын алғаш рет қорғайды. Белгілі vRINGe.com журналы бұл айқасқа болжам жасады. 

"Шынын айтайықшы. Бұл мисматч қой (бокста бір жақты айқас болатынын білдіреді). Ал Бентлидің жеңісіне коэффициент оннан асып кетпегені таңқаларлық (Жәнібектің фаворит екені айтылуда).  

Дегенмен бұл кездесуде апсет ықтималдығы қандай екенін бағамдап көрейік. 

Британиялық рефлекстеріне сенеді. Қарсыласын шабуылынан шұлғып қалып қорғанады, соққыны иықтан сырғытып жібереді (щолдер-ролл). Алдыңғы қолын төмен ұстап, шабуылын дайындай алмайды - қарсыласқа ытқи жөнеледі, дегенмен, не істейтінін болжау қиын болғандықтан қауіпті. 

Бентлидің соққылары өте ауыр және тосыннан жасалады. Жәнібектің қиындығы мынада - әуеқойдан шыққан боксшылар үшін мұндай қарсылас ебедейсіздігімен қиындық тудырады. Онымен қоса, андердог болса да Дензел рингте бәрін жасайтын боксшы. 

Солақай Жәнібекте айтарлықтай бір кедергі болады, бұл туралы сирек айтылып жүр. Ол алдыңғы қолымен көп жұмыс істемейді. Оны тек қашықтықты өлшеп жүру үшін ғана іске қосады. Ал осындай "жабайы агрессорлармен" айқаста алдыңғы қолмен тоқтатып отыру өте маңызды. 

Тағы бір айта кетерлігі - Бентлидің оң қолымен жасайтын кроссы. Егер Жәінбек джебтерді елемесе, осы бір соққыны өткізіп алуы мүмкін. 

Ал енді қалған жағынан бұл чемпион үшін оңай жұмыс. Әлімханұлының басты ерекшілігі қарсыласты соққы жасауда мүлт кетіріп, қарымта шабуыл жасауында. Ол британиялықты түрткілеп, тіке шабулдауға мәжбүрлейді деп ойлаймын. Демек жекпе-жек ортасына дейін нокаутқа түсіреді. Одан да ерте құлатуы мүмкін", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport