Әлемнің үш дүркін чемпионы Магомедрасул Меджидов (3-1, 3 КО) Алматыдағы бокс кешінде рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
2022 жылдың сәуіріндегі соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Андрей Федосовқа (31-3, 26 КО) уақытынан ерте жеңілген еді.
2013 жылы Меджидов Алматы төріндегі әлем чемпионатының финалында Иван Дычконы ауыр нокаутқа түсірген болатын.
2012 жылы Лондон Олимпиадасында Дычко мен Меджидов Жазғы ойындардың қола жүлделерін мойындарына таққан болатын. Бүгінгі таңда қос алып бақтарын кәсіпқой бокстан іздеп жүр. Дычконың еншісінде 12 айқастың барлығында жеңіс болса, әзірбайжан боксшысында үш жеңіс бар.