Англияның Донкастер қаласында өткен бокс кешінде аса ауыр салмақта хорватиялық Филип Хргович (20-1, 15 KO) пен британиялық Дэвид Аллен (25-9-2, 20 KO) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Он раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта аяқталды, Алленнің бапкерлер штабы ақ орамал тастап, жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.
Осылайша, Филип Хргович кәсіби мансабындағы 20-жеңісіне жетті (15 нкоаут). Оның еншісінде бір ғана жеңіліс бар.
Ал Дэвид Аллен мансабындағы тоғызыншы жеңілісіне ұшырады. Оның бесеуі мерзімінен бұрын тіркелген. Сондай-ақ, оның еншісінде 25 жеңіс және екі тең нәтиже бар.
Филип Хргович қазақстандық жанкүйерлерге "Астана Арландары" клубындағы өнері арқылы жақсы таныс. Ол аталған командамен бірге Дүниежүзілік бокс сериясын (WSB) екі рет жеңіп алған.
Хорватиялық спортшы 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сонымен қатар, ол жастар арасындағы әлем чемпионатын (2010) және Еуропа чемпионатын (2015) жеңіп алған.
Жарнама