Бокс
Кеше 10:33

"Ит үреді...". Ресейде бокстан ӘЧ нәтижесіне наразыларға ресми жауап айтылды

©Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясының (РБФ) бас хатшысы Александр Беспутин Дубайда (БАӘ) өткен IBA-ның 2025 жылғы әлем чемпионатында ресейліктердің нәтижелеріне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды иелендік. Қазір ерлер арасындағы әлем чемпионатында да бірінші орын алдық. Бірақ кейбіреулерге Ресейдің жеті алтын жүлде (жалпы 13 жүлде) алғаны ұнамай отыр. Мен бұған әлеуметтік желілер мен пікірлер арқылы емес, ашық түрде жауап берейін: "Ит үреді, керуен көшеді", - деп келтіреді Беспутиннің сөзін РБФ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 4–13 желтоқсан аралығында өткен Дубайдағы жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, 13 салмақ дәрежесінің барлығында өнер көрсетті.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Ресей құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады - 7 алтын, 5 күміс және 1 қола. Екінші орынды Қазақстан иеленді (3 алтын, 1 күміс, 2 қола), ал Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport