Бокс
10 қараша 2020 15:02

"Иншалла, бауырым. Сен жеңесің!". WBO чемпионы Сондерс титул үшін жұдырықтасатын қазақ боксшыға

Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 KO) кәсіпқой рингте екінші жекпе-жегін өткізетін қазақстандық Тұрсынбай Құлахметке қолдау білдірді. 

"Қазақстандық боксшы Құлахметке, менің бауырыма сәттілік тілеймін. Жаса, жаса, жаса, сен жеңесін. Иншалла, бауырым", - депті Сондерс видеожолдауында. 

Айта кетейік, Тұрсынбай жеңіліс көрмеген британиялық Маклей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жекпе-жегі 11 қараша Йоркширде (Англия) өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады.

Бұл кездесуде бірінші орта салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салынады.