"Мәлімет көздерінің ақпараты: "Канелоның" келесі жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін. Қарсылас ретінде қарастырылып отырғандар - Билли Джо Сондерс пен Каллум Смит. Екеуінде де титул бар, ал Альваресте 168 фунтта екінші дәрежелі белбеу. Егер мексикалық жеңіске жетсе, төрт дивизионда толыққанды чемпион атанады.
168 фунттың "Канело" үшін маңызы бар. Бірден көп салмақ қуған боксшылар жақсылыққа жеткен жоқ. Ал ол жақында ғана жартылай ауыр салмақта жұдырықтасып, Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді. DAZN әлі де GGG-мен трилогияны қалайды, дегенмен, "Канелоның" сол күйі көңілі тартпай отыр", - деп жазыпты Коппинджер.