"Мәлімет көздері: Бір аптаға созылған келіссөздерден кейін Головкин мен Деревянченко 5 қазан MSG-де өтетін орта салмақтағы IBF титулы үшін жекпе-жегі бойынша келісімге келді. Бейсенбі Нью-Йоркте баспасөз мәслихаты өтеді, ол жерде Эдди Хирн GGG атынан шығады", - деп жазыпты Коппинджер твиттерде.
Sources: Gennadiy Golovkin and Sergiy Derevyanchenko have finalized a deal to fight Oct. 5 for the vacant IBF middleweight title at MSG on DAZN, ending weeks of negotiations. There will be a press conference Thursday in N.Y., and Eddie Hearn will be there on behalf of GGG
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) 21 августа 2019 г.
Еске салайық, Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне Халықаралық бокс федерациясы (IBF) тамыз айының басында рұқсат берген. Ұйым чемпиондық белбеуді Сауль "Канело" Альварестен алып қойған еді. Мұның алдында украиналық жекпе-жекті ресми құлақтандырып, кейін ол жазбаны әлеуметтік желілерден өшіріп тастады.
Осыдан кейін қазақстандық және украиналық боксшы келісімшарттың бүге-шүгесіне дейін талқылап, мақұлдағаны белгілі болды, келсімшарттың өзіне жуырда қол қойылады деп күтілуде. Осы екі ортада Головкин жаттығу лагерін бастап кеткенін хабарлады.