Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) IBF тиутылы үшін Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізу ықтималдығы артып отыр. Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) хабарлады.
"Мәлімет көздерінің ақапарытнша Головкин мен Деревянченконың орта салмақтағы титул үшін DAZN-дегі жекпе-жегі сөзсіз болатынға ұқсайды, қазір келісімшарт даярланып жатыр. Жекпе-жекті MSG аренасында 5 қазанда өткізу үшін келісімшартқа жақын күндері қол қойылу керек", - деп жазыпты журналист өзінің твиттер желісінде.
DAZN Головкин үшін "Канелоны" сырғытып тастадыГоловкин - Деревянченко жекпе-жегіне Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рұқсат берген. Боксшылар тиутл үшін Нью-йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады деп күтілуде.
IBF белбеуі 1 тамызда бос қалды. Ұйым оны міндетті қарсылас Сергей Деревянченкомен жекпе-жек туралы келісе алмағаны үшін Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО)
тартып алған.
"Қарғыс атқыр". Головкин мен "Канелодан" да титулды тартып алған IBF сынға ұшырады