Инсайдер Әлімханұлы мен Андраде арасындағы айқастың қашан өтетінін айтты

©boxingscene.com

Промоутер Эдди Хирн орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен міндетті қарсылас қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы айқасты ұйымдастыру үшін Top Rank промоутерлік компаниясындағы әріптестерімен келіссөз бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Келіссөздің басталғаны туралы ақпаратты DAZN стримингтік сервисіндегі JABS шоуында инсайдер Крис Мэнникс айтты. Оның ақпараты бойынша, екі тарап жекпе-жекті 2022 жылдың бірінші тоқсанында өткізу туралы келіссөз жүргізуде. 

Әлімханұлының 2021 жылдың қорытындысы бойынша WBA рейтингісіндегі орны анықталды

Еске салайық, осыған дейін WBO Әлімханұлын чемпион Андраденің міндетті қарсыласы етіп тағайындады. Бұл кездесуді ұйымдастыру құқығы промоутерлік бассаудаға қойылды. Ол 14 қаңтар күні Пуэрто-Рикода өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар