IBO титулын алып қойған Олимпиада чемпионын енді WBC "жазалады"

©instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінен шығарылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін қазақстандық боксшы рейтингте 20-орында болған, ал қазіргі таңда тізімде мүлде жоқ. Бұл боксшының төмен белсенділігіне байланысты болса керек, өйткені Данияр рингке соңғы рет 2021 жылы шыққан. 

Еске салайық, мұның алдында Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Елеусіновтен әлем чемпионы атағын алып қойды. Себеп боксшының ұзақ уақыт қорғау өткізбеуі болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport