IBF жаңартылған рейтингінде Әлімханұлы мен Нұрсұлтанов жоғарлады

Сурет боксшының instagram желісінен
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл тізімде төрт қазақстандық боксшы бар. 

Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) тоғыздан сегізінші орынға жоғарлады, ал Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 15-тен 12-ші орынға көтерілді. Жартылай орта салмақта Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) сегізінші болып қалды, ал бірінші жартылай орта дивизионда Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) бұрынғысынша 12-ші келеді. 

Орта салмақта 14-ші орында Талдықорған тумасы Анатолий Мұратов (22-2, 15 КО) орналасқан екен. IBF және WBA тізімінде де германиялық боксшыны қазақстандық деп көрсеткен екен. 

Айта кетейік, Әлімханұлында WBC Continental Americas және WBO Global, Нұрсұлтановта - WBC (USNBC), Жүкембаевта - WBC Continental Americas пен IBF Inter-Continental, ал Жаңабаевта - WBA Inter-Continental, IBF Australasian және WBO Oriental титулдары бар.
Жаңалықтар