1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:39
 

IBF допинг сынамасы ашылғаннан кейін Әлімханұлына қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

IBF допинг сынамасы ашылғаннан кейін Әлімханұлына қатысты шешімін жариялады ©Тұрар Қазанғапов/vesti.kz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты. Бұл тізімде Қазақстан боксшылары бұрынғыдай жоғары орындарда тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты. Бұл тізімде Қазақстан боксшылары бұрынғыдай жоғары орындарда тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы чемпион мәртебесін сақтап қалды

Орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) IBF ұйымының қазіргі чемпионы ретінде тіркеліп тұр. Дегенмен оның жағдайы әлі де бокс қауымдастығының назарында. Еске салайық, 7 желтоқсанда Жәнібек WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (32-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жек өткізуі тиіс болған, алайда, қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған препарат анықталып, кездесу өтпей қалды.

8 қаңтарда B сынамасы ашылды, ал талдаудың соңғы қорытындысы осы айдың соңында белгілі болу керек. 32 жастағы Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, франциялық Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз титулдарын қорғаған болатын.

Зауырбек - рейтинг көшбасшыларының қатарында

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) IBF рейтингінде үшінші орынды сақтап қалды. Бұл дивизионда алғашқы екі орын әзірге бос, ал чемпиондық белбеу мексикалық Эдуардо Нуньеске (29-1, 27 KO) тиесілі.


Сұлтан соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізді. 12 раундқа созылған айқаста ол Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Азинга Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBF Inter-Continental титулын иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!