1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:34
 

IBF чемпионы болған "таза қазақ" карьерасын аяқтамақ

  Пікірлер

blog.share

IBF чемпионы болған "таза қазақ" карьерасын аяқтамақ ©instagram.com/sergeilipinets/

Кикбоксинг пен кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Липинец (18-5-1, 13 КО) карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Кикбоксинг пен кәсіпқой бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Липинец (18-5-1, 13 КО) карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының мәлімдемесі

Келесі жекпе-жегі туралы жанкүйердің сұрағына жауап берген 36 жастағы спортшы кәсіпқой спорттан кету туралы ойланып жүргенін айтты.

"Менің ойымша, кәсіпқой спорттағы карьерамды аяқтайтын уақыт келді. Мен кикбоксингтен әлем чемпионымын (кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында). Кәсіпқой бокста да әлем чемпионымын", - деп жазды Липинец әлеуметтік желіде.

 

Соңғы жекпе-жек пен нәтижелер

Соңғы жекпе-жегін Липинец өткен жылдың қазан айында Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінде өткізді. Ол кезде Сергей Ресейде туған, қазір Канадада тұратын Артур Биярслановтан (20-0, 16 КО) төрешілер шешімімен жеңілді.

Карьерасы мен жетістіктері

Сергей Липинец Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында дүниеге келген және өзін таза қазақ деп есептейді. Бұған дейін боксшы біраз уақыт Ресей атынан өнер көрсеткен, ал 2022 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғап келеді. Липинец 2017–2018 жылдары бірінші жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы болды. Сондай-ақ ол кикбоксингтен кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!