auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"IBF белбеуін жеңіп алайын, сосын...". Джейкобс Головкин мен Альвареске қатысты жоспарын айтты

"IBF белбеуін жеңіп алайын, сосын...". Джейкобс Головкин мен Альвареске қатысты жоспарын айтты
REUTERS©
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) IBF белбеуі үшін украиналық Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекке ынтасы туралы айтып берді. Бокс кеші 27 қазанда Нью-Йоркте өтеді. 

Джейкобстың сөзінше, бұл жекпе-жектегі жеңісі оған қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) қарымта өткізуге немесе мексикалық сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жекке мүмкіндік береді.

"Барлығы менің мақсатыма орайласып тұрғанын сеземін, маған жеңу ғана керек, сосын бәрі де алдымнан шығады. Деревянченкомен жұдырықтасып, IBF белбеуін жеңіп алайын, сосын Головкин немесе Альварес менімен жұдырықтасуға мәжбүр болады деп ойлаймын", - деп келтіреді боксшының сөзін Sporting News.

Айта кетейік, Альварестің командасы Головкинмен келіссөздер тығырыққа тірелгенде Джейкобске ұсыныс жасаған болатын. Америкалыққа табысты 20-да 80 етіп бөлу ұсынылғаны айтылады, алайда, Джейкобс үлесін арттыруды талап еткен. Америкалықтың ойынша, Альварестің командасы оған Голвкинмен келіссөзде өздерінің маңызын арттыру үшін ғана жалған ұсыныс жасады. 

IBF белбеуі Головкиннен тартып алынғаннан кейін бос қалған. Оған себеп қазақстандықтың міндетті қарсылас Деревянченкомен 3 тамызға дейін жекпе-жек өткізу туралы жазбаша келісім бермеуі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама