IBA Ташкшенттегі ӘЧ-де Қазақстанның Өзбекстаннан басымдығын атап өтті

©Спортты дамыту дирекциясы

IBA ұйымының ресми сайты Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионаты финалына шолуда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екі жекпе-жекті атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ине шаншар орын қалмаған "Хумо Аренадағы" бірінші айқаста 54 келі салмақта қазақ-өзбек текетіресі өтті. Махмұт Сабырхан шаршы алаң қожайынымен шапшаң айқас өткізді. Бірінші раундта-ақ Махмұттың өткір соққылары қарсыласын әбігерге салды. Сабырхан қысқа соққы жасап, уақытында жақындап, тұрысын өзгертіп, бас және денеден соққы жасап отырды. Үшінші раундта Джураев екі рет тік тұрған күйі нокдаунға түсті. 2021 жылы ӘЧ-нің күміс жүлдегері ақыры алтынға жетті. 

71 келіде Азияның екі чемпионы алтынға айқасты. Асыланбек Шымбергенов пен Саиджамшид Джафаров. Алғашқы екі раундта Шымбергеновтың соққылары дәлірек әрі ауыр болды. Өзбекстандық боксшы ілгерлей жұдырықтасуға тырысқанымен, қозғалысы бейберекет болды. Қазақ боксшы салқынқанды еді, әрі шабулылдары да нақты. Оның үстіне қорғанысы да жақсы еді. Ақыры Шымбергенов жеңісті тойлады", - делінген ескермеде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport