IBA Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысты шешім қабылдады

©

Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар саны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы да қатысатын бұл жарыс 30 сәуір мен 14 мамыр аралығы Өзбекстан астанасында өтеді. 

Турнирге 104 елден келетін боксшылар қатысады. Қазіргі таңда 640 қатысушы тіркеліпті, олар 13 салмаққа бөлінді. Алайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тіркеуді әлі де 14 сәуірге дейін жалғастыратынын ресми сайты арқылы хабарлап отыр. 

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 5,2 миллион доллар. Әр салмақтағы жеңімпазға алтын жүлдемен бірге 200 мың доллар табыс етіледі. Күміс жүлдегерлерге 100 мың доллар және қолаға 50 мың беріледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport