Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубай қаласында (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты финалдарының бірінде болған даулы оқиғаға қатысты ресми шешімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
IBA шешімі: нәтиже күшінде қалады
IBA 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте өзбекстандық Абдумалик Халоков пен ресейлік Всеволод Шумков арасында тіркелген нәтиже қайта қаралмайтынын ресми түрде растады. Төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жеткен Шумковтың алтын жүлдесі ресейлік боксшыда қалады.
Қаралған мәселе үшінші раундтың аяқталуына шамамен 50 секунд қалғанда болған сәтке қатысты. Жақын клинч кезінде Шумковтың аузы Халоковтың құлағына тиген. Кейін бұл сәттің бейнежазбасы қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Төрешілер мен техникалық делегаттың ұстанымы
IBA мәлімдемесінде аталған оқиға жекпе-жектің барысына айтарлықтай әсер етпеген кездейсоқ байланыс ретінде бағаланғанып отыр:
"Қарастырылып отырған сәт үшінші раундтың соңында болды… Қысқа өзара әрекетесу кезінде Шумковтың аузы Халоковтың құлағына тиді — бұл әрекет кездейсоқ көрінді және жекпе-жектің өтуіне ешқандай елеулі әсер еткен жоқ".
Сондай-ақ, төреші оқиғаға жақын жерде болып, толық көріністі бақылап, араласуға негіз көрмегені айтылды. Кейінгі бейнеқайталау да қабылданған шешімнің дұрыстығын растады: Халоков жекпе-жекті еш кедергісіз жалғастырды және наразылық білдірмеді.
Неліктен апелляция мүмкін емес
IBA ережелері бойынша мұндай байланыс формалды түрде рұқсат етілмесе де, ұйым маңызды процедуралық жайтты атап өтті: Өзбекстан делегациясы тарапынан турнир аяқталғанға дейін ресми апелляция берілмеген. Осыған байланысты нәтижені өзгертуге регламенттік негіз жоқ.
Сол себепті медальдардың бөлінісі өзгеріссіз қалады.
Мүмкін болатын санкциялар
Сонымен қатар, IBA бұл оқиға бойынша қосымша тексеруді жоққа шығармайды. Материал Бокстағы адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз бөлімшеге (B|U) жолданады. Егер ереже бұзушылық анықталса, тәртіптік шаралар, соның ішінде айыппұл салу мүмкіндігі қарастырылады.

IBA бас хатшысының мәлімдемесі
IBA бас хатшысы әрі бас директоры Крис Робертс OBE ұйымның ашықтық қағидаттарын ерекше атап өтті:
"Біздің жарыстарымыздың ашықтығы — ең басты құндылықтардың бірі және оған күмән келтірілмеуі тиіс. Біз бұл эпизодты бағалау үшін салалық мамандарды тарттық, ал қорытынды теңгерімді шешімді техникалық делегат растады.
Нәтижені өзгертуге мүмкіндік беретін мерзім өтіп кеткендіктен, техникалық делегат бұл мәселені B|U-ға жолдап, қажет болған жағдайда спортшыға айыппұл салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қандай жағдай болмасын, спортшылардың мүддесі біз үшін әрдайым бірінші орында".
Жанжалдың мән-жайы
Еске салайық, Дубайда өткен 2025 жылғы ӘЧ финалында Всеволод Шумков төрешілердің бөлек шешімімен Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковты жеңді. Жекпе-жектен кейін желіде ықтимал ресейліктің қарсыласын құлақтан тістегені көрсетілген видео таралып, Өзбекстанда үлкен наразылық тудырды - жанкүйерлер мен бокс қауымдастығы өкілдері нәтижені қайта қарап, алтын жүлдені Халоковқа беруді талап еткен болатын.
Жарнама