Бокс
23 желтоқсан 18:28
 

IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді

  Пікірлер

blog.share

IBA өзбек боксшыларына қарсы жекпе-жектердегі төрешілер шешімін қайта тексереді ©ҚБФ

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

blog.share

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2024 жылғы Азия чемпионатындағы төрешілікке қатысты даулы жағдайларды тергеуге ресми түрде кірісті, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Тайландтың Чиангмай қаласында өткен бұл жарыс барысында төрешілікке қатысты шағымдар айтылып, жарыстың әділдігіне қатысты елеулі күмәндер туындаған еді.

Inside the Games мәліметі бойынша, айыптаулар өзбек боксшыларына жасалған шешімдерге байланысты, бұл жағдайды IBA қазір мұқият зерттеуді бастаған.

Оның алғашқысы Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек болды. Жұдырықтасу кезінде қарсыласы отандасымызды тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.

Екінші күмәнді жекпе-жек тай боксшысы Сомчай Вонгсуан мен өзбек Адхамджон Мухиддинов арасында өтті. Мұнда да өзбек боксшысы күмәнді жеңіске жеткен.

Үшіншісі – Санжар Тәшкенбай мен өзбек Шодияржон Меликузиев арасындағы жекпе-жек. Бұл кездесу де қайта қаралады. Қазақстан бокс федерациясы соңғы раундта Тәшкенбайға қарсы төрешінің негізсіз есеп жүргізуі жекпе-жектің нәтижесіне әсер етіп, жеңісті Меликузиевке бергенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Чианг Мэйдегі Азия чемпионатында отандастарымыз 5 алтын 4 күміс 1 қола медаль еншіледі. Ерлер арасында жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!