Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Оразбек Асылқұловтың нокаутына пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің 1/8 финалында 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Асылқұлов Эсватинилік Мукело Дламинимен кездесіп, қарсыласын 21 секундта нокаутқа түсірді.
"Асылқұлов ,аламат.
Қазақстандық Оразбек Асылқұлов сол қолының соққысымен нокаут жасап, 57 келіге дейінгі салмақта ширек финалға өтті.
Қандай соққы", – делінген IBA хабарламасында.
Жарнама