IBA қатарынан тағы бір бокс федерациясы шығып кетті

1 қыркүйек 2023 09:49
©iba.sport

Финляндияның бокс федерациясы IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) қатарынан шығу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

YLE мәліметінше, бұл шешім IBA-ның Ресеймен тығыз байланысты болғанына қатысты, енді Финляндия федерациясы World Boxing ұйымына қосылмақ.

Айта кетейік, IBA басқару, қаржы мен этика тұрғысынан реформа өткізе алмағандықтан Халықаралық олимпиадалық комитет тарпынан мойындалмай қалды. Бұрындары AIBA аталған ұйым 2019 жылдан бастап Олимпиада ойындарында бокс турнирлерін өткізуден шеттелді. 

Мұның алдында IBA қатарынан АҚШ, Швейцария және өзге де бірқатар ел шығып кеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport