IBA ХОК-тан Олимпиадаға іріктеу турнирін жоққа шығаруды сұрады
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Халықаралық олимпиадалық комитеттен (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға 2023 жылғы Еуропалық ойындар арқылы іріктеу өткізбеуін сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Inside the Games басылымына сілтеме жасап.

"ХОК Еуропа үшін құрлықтық іріктеуді мойындады, бұл ХОК-тың Ресей және Беларусь боксшыларына қатысты ұстанымына мүлде қайшы, өйткені олар Еуропалық ойындарға қатыса алмайтындықтан Париждегі Олимпиадаға іріктеле алмайды. Осы себепті 2023 жылғы Еуропа ойындары Олимпиадаға іріктеу турнирі болып қала алмайды. Оның статусы жоққа шығарылуы қажет. Осылайша ХОК-тың атқару комитетінің соңғы жиналысында жасалған ұсыныстарға ЕОС-тың қайшы келуін тоқтату керек", - делінген хабарламада.
Мұның алдында ХОК ресейлік және беларуссиялық боксшыларды нейтралды статуста жарысқа қатыстыруға рұқсат беруді ұсынған.
Жарнама