Бокс
Бүгін 09:39

IBA басшысы Ресей мен Өзбекстанның финалдағы даулы айқасына қатысты шешімді айтты

©globallookpress.com

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында 60 келідегі өзбекстандық Абдумалик Халоков пен ресейлік Всеволод Шумков арасында даулы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кремлёв бұл жағдай IBA басшылығының толық бақылауында екенін және белгіленген тәртіп бойынша ұйымның арнайы комиссиясы қарайтынын атап өтті.

Өзбекстан финалда Ресейден жеңілгеніне қатысты ресми шағым түсірді

Кремлёвтің мәлімдемесі

"Аталған жекпе-жекке байланысты жағдай IBA-ның бақылауында және оны жауапты тұлғалар, медициналық әрі тәртіптік комиссия қарайды. Баршаңызды асығыс әрі эмоцияға берілген пікірлерден бас тартып, ақылға және кәсібилікке жүгінуге шақырамын. Медициналық және тәртіптік комиссия барлық қажетті шараларды жүргізеді, содан кейін екі тараптың пікірін тыңдай отырып, IBA бұл жағдай бойынша нақты әрі біржақты шешімін ұсынады.

Ең алдымен спортшыларды, спорттың өзін және бір-бірімізді құрметтеуге кеңес беремін. Қандай шешім қабылданса да, бәрі өз орнына келеді. Тағы да атап өтемін - шешім объективті әрі бейтарап болады және боксшылардың мүддесі үшін қабылданады", - деп жазды Кремлёв Telegram-арнасында.

Арам жеңіс. Ресей боксшысы финалда өзбекстандықты құлағын тістеп алған екен

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport