Бокс
19 қараша 12:36

IBA ӘЧ-ге қатысатын қазақ пен өзбек боксшыларды атады

©IBA

Қазақстан құрамасының көшбасшы боксшылары Айбек және Нұрбек Оралбай IBA-ның 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

IBA Дубайда өтетін 2025 жылғы әлем біріншілігіне әлемдік деңгейдегі ең атақты кәсіпқой емес боксшылардың қатысатынын растады. Олардың қатарында:

Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) — екі дүркін олимпиада чемпионы және қазіргі IBA әлем чемпионы;
Абдумалик Халоков (Өзбекстан) — олимпиада чемпионы және қазіргі IBA әлем чемпионы;
Лорен Альфонсо Домингес (Әзірбайжан) — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалисі және IBA әлем чемпионы;
Саиджамшид Джафаров (Әзірбайжан) — IBA әлем чемпионатының финалисі;
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалисі және IBA әлем чемпионы;
Айбек Оралбай (Қазақстан) — екі дүркін Азия чемпионы;
Хулио Ла Крус (Куба) — екі дүркін олимпиада чемпионы және бес дүркін IBA әлем чемпионы.

IBA аясындағы әлем чемпионаты Дубайда (БАӘ) 2-13 желтоқсан аралығында өтеді. Биылғы турнирде жүлде қоры рекордтық деңгейде — 8,3 миллион доллар.

Жүлде қоры былай бөлінген:

1 орын — 300 мың доллар;
2 орын — 150 мың доллар;
3 орын — 75 мың доллар;
5 орын — 10 мың доллар.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Ливерпульде (Англия) World Boxing ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын алған боксшыларды Дубайға апармайтынын мәлімдеген еді. Англиядағы турнирде Айбек Оралбай алтын жеңіп алды, ал Нұрбек жүлдеге жете алмады.

Еске салайық, 2019 жылдан бері олимпиадалық іріктеу және жарыстар өткізу құқығынан айырылған IBA 2023 жылғы маусымда Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында олимпиадалық қозғалыстан шығарылды, ұйым қаржылық және басқарушылық мәселелерді шеше алмаған болатын. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында бокс турнирін ұйымдастыру міндетін МОК өз мойнына алды.

Осыған балама ретінде World Boxing ұйымы құрылды, мақсаты — боксты олимпиадалық бағдарламада сақтау. Қыркүйекте Ливерпульде World Boxing бірінші әлем чемпионатын өткізді, онда Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, World Boxing те IBA-ға қарағанда жүлде қоры қарастырылмаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport