Холифилдтің ауыр нокаутынан кейін бокстың ережесі өзгеруі мүмкін
Танымал америкалық бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Эвандер Холифилдтің UFC-дің бұрынғы спортшысы Витор Белфорттан жеңіліп қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды fightnews.info порталы.

Атлас кәсіпқой бокста егде жастағы боксшыларға жұдырықтасуға тиым салу туралы ереже шығару керектігін айтты. Сондай-ақ, ол әрбір бокс кешінен түскен ақшаның екі пайызын зейнетке шыққан боксшыларға аудару туралы ұсынысын да айтты.
"Спорттың басқа түрлерінде зейнетақы бар. Мен басқа да даңқты боксшылар Холифилд пен Белфорт секілді ақша үшін жұдырықтасқанын қаламаймын.
Миллиондаған табыс түсіретін әрбір бокс кешінен екі пайыз алып, осындай даңқты боксшыларға аударып отыру қажет. Екі пайыз қызғаншақ промоутерлердің қалтасына ауыр тимейді", - деді Атлас.
Еске салайық, Холидилд пен Белфорт арасындағы айқас Голливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтті. Бұл кездесуде Холифилд бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
Жарнама