Холифилд UFC-дің экс-чемпионынан нокаутпен жеңілді

12 қыркүйек 2021 10:53
©fighttime

Әлемнің экс абсолют чемпионы Эвандер Холифилд UFC-дің бұрынғы чемпионы Витор Белфорттан жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Голливудтағы (АҚШ) Triller Fight Club кеші бокс ережесімен өтті. Бірінші раундта Белфорт аты аңызға айналған былғары қолғап шеберін алдымен нокдаунға түсірді. Артынша төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Еске салайық, жоспар бойынша Витор Белфортпен Оскар де ла Хойя кездесуі тиіс болған. Ал Холифилд болса Кевин Макбрайдпен рингте қарсы шығу керек еді. Алайда соңғы айқас өтпейтіні белгілі болды. Оның үстіне де ла Хойя коронавирус жұқтырғандықтан, Эвандер Холифилд күтпеген жерден UFC өкілімен жұдырықтасты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: