Бокс
20 маусым 2019 09:18

ХОК Олимпиададағы боксқа қатысты өзгерістерді ресми жариялады

Сурет: Данияр Майлыбаев©
Халықаралық олимпиада комитеті Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиаданың бокстан жарыс бағдарламасына қатысты өзгерістерді жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Осылайша, Олимпиадада әйелдер жүлдесі молайып, ерлерде - кемиді.

Егер өткен Олимпиадаларда ерлер арасында жүлделердің он жиынтығы, ал әйелдерде үшеуі ойнатылса, ендігіде ерлер арасындағы жүлделер жиынтығы сегізге азайып, әйелдерде беске дейін көбейеді.

Ерлер арасындағы салмақ дәрежелері: 52 келіге дейін, 57 келіге дейін, 63 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келіге дейін, 81 келіге дейін, 91 келіге дейін, 91 келіден аса.

Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері: 51 келіге дейін, 57 келіге дейін, 60 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келіге дейін.

Бір елден ары кеткенде 13 боксшы қатыса алады (8 ер және 5 әйел). Квота сол күйінде қалды - бір салмақта бір елдің өкілі ғана.