auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

ХОК Левитті Олимпиада алтынынан "айырған" төрешілерді жазалады

Олар тіпті іріктеу турнирлерінен шеттелді.

ХОК Левитті Олимпиада алтынынан "айырған" төрешілерді жазалады
© sport-express.ru/
0
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылы Рио-де-Жанейрода болған төрешілердің ешбірін 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыстырмайды, - деп хабарлайды Inside the Games.

ХОК төрешілер бойынша арнайы пул жасап, мамандарды осы тізімнен ғана таңдамақ. Токио Олимпиадасында төрелік ететін мамандар арнайы аттестациядан өтуі қажет болады және әрбірінің өмірбаяны зерттеледі.

Мұның бәрі әуесқойдағы бокс турнирлерінің айқындылығын арттыруға бағытталған. Ал Риодағы Олимпиадада даулар көп еді. Қазір ХОК ол турирдегі келісілген болуы мүмкін жекпе-жектерді тергеуге алды.

Сонымен қатар, енді жекпе-жек есебі әрбір раунд сайын тақтайшадан көрсетілетін болады. Айта кетейік, Рио Олимпиадасындағы төрешілер тіпті Олимпиадаға іріктеу жарыстарынан да шеттелді.

Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиадада болған ең үлкен даулардың бірі 91 келіге дейінгі салмақта болды. Ақтық жекпе-жекте қазақстандық Василий Левит төрешілердің шешімімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеілді. Бұған тіпті көрермендер де шулап қоя берген. Осыдан кейін жүлделерді ұсыну кезінде де көрермендер наразылығын білдірген. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар