Хайме Мунгия келесі кездесуін Головкиннің бұрынғы қарсыласымен өткізеді

©Fight Freaks Unite

Бірінші орта салмақта әлемннің бұрынғы чемпионы мексикалық  Хайме Мунгия орта дивизионда чемпион болған америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы кездесу өткізу үшін келіссөз бастады, деп жазады Fight Freaks Unite порталы. 

Екі боксшы да қазіргі уақытта DAZN сервисімен жұмыс істейді. Мунгияның промоутері Golden Boy компаниясы америкалықтың промоутері Эдди Хирн және оның менеджері Кит Коннолимен келіссөзді бастады. Бұл айқас екінші орта салмақта өтуі мүмкін. 

35 жастағы Джейкобс екінші орта салмаққа 2019 жылы Сауль "Канело" Альварестен жеңілгеннен кейін ауысып, үш кездесу өткізді. Соңғы кездесуін ол ақпанда өткізіп, америкалық Джон Рейдерден айласын асырды. 

Ал 25 жастағы Мунгия болса орта салмаққа 2020 жылы ауысып, WBC және WBO рейтингінде бірінші орында тұр. Бірақ ол жуырда ғана WBC чемпионы Джермалл Чарломен кездесуден бас тартты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport