Бокс
Бүгін 10:38

Хасанбой Дусматовтың ӘЧ финалы үшін айқасы 5:0 есебімен бітті

©

Өзбекстандық белгілі боксшы Хасанбой Дусматов IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол Армения боксшысы Рудольф Гарбоянды 5:0 есебімен таза жеңді.

Осылайша, Дусматов Өзбекстанның үшінші финалисті атанды. Бұған дейін финалға Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхужа Муйдинхужаев (67 кг) жолдама алған еді.

32 жастағы Дусматов - әлем чемпионы (2023), Азия біріншіліктерінің жеңімпазы (2015, 2017, 2022), сондай-ақ жазғы Азия ойындарының (2022) және Олимпиаданың (2016, 2024) алтын жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport