Хасанбой Дусматов қазақ боксшысын алтынсыз қалдырды

©salitapromotions

51 келі салмақта "Странджа кубогіне" қатысып жатқан Тимур Қабдешов финалға шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жерлесіміз жартылай финалда Өзбекстаннан келген 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2015, 2017 жылдары Азия чемпионатын жеңген Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді. Өкінішке қарай, Қабдешов кіші әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмады.

Еске салайық, Болгария астанасында 67 келіге дейінгілер арасындағы жартылай финалда Дулат Бекбауов 3:2 есебімен ресейлік Алис Шарифовты жеңсе, 51 келіде Дамир Әбдіқадыр тағы бір Ресей елінің өкілі Володя Мнацаканянды 4:0 есебімен ұтты. Ал 48 келіде Санжар Тәшкенбай болса Эдмонд Худоянға 2:3 нәтижесімен есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар