Ханчжоудағы Азия ойындарына қатысатын боксшылар іріктелді

©instagram.com/sakenbibosinov

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның бокс құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

"Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды", - делінген ҚБФ-ның әлеуметтік желідегі жазбасында. 

Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов аталған жарысқа келесі боксшыларды іріктеп алды:

51 келі Сәкен Бибосынов;

57 келі Махмұд Сабырхан;

63,5 келі Ертуған Зейнуллинов;

71 келі Асыланбек Шымбергенов;

80 келі Нұрбек Оралбай;

92 келі Сағындық Тоғамбай;

92+ Қамшыбек Қонқабаев. 

Биылғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Бұл жарыста 40 спорт түрінен жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport