Ханчжоудағы Азия ойындарына баратын бұрымды боксшыларымыз іріктелді

©ҚБФ

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) Азия ойындары өтеді. Бүгін сары құрлықтың басты бәсекесіне қатысатын боксшы қыздарымыз белгілі болды. 

Ұлттық құрама сапында жарысқа Назым Қызайбай (51 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 келі) қатысады. 

Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстанның туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая көтеріп шығады. 

Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер жиынтығы сарапқа салынады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport