Ханчжоуда Қазақстан туын ұстап шыққан боксшының алғашқы қарсыласы белгілі

26 қыркүйек 2023 09:34
©Спортты дамыту дирекциясы

71 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергеновтың Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың 1/8 финалында осы ойындарға Қазақстан туын ұстап шыққан Асыланбек қытайлық Пей Чен Ванмен жұдырықтасады. Қытайлық боксшы 1/16 финалда кореялық Сан Минь Лиді жеңіп отыр. Шымбергенов пен Ван 28 қыркүйекте жекпе-жекке шығады. 

Еске салайық, қазақ боксшы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған. Сонымен қоса, ол 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2022 жылы Азия чемпионы болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар