71 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергеновтың Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың 1/8 финалында осы ойындарға Қазақстан туын ұстап шыққан Асыланбек қытайлық Пей Чен Ванмен жұдырықтасады. Қытайлық боксшы 1/16 финалда кореялық Сан Минь Лиді жеңіп отыр. Шымбергенов пен Ван 28 қыркүйекте жекпе-жекке шығады.
Еске салайық, қазақ боксшы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған. Сонымен қоса, ол 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2022 жылы Азия чемпионы болған.