Ханчжоуда Қазақстан мен Өзбекстаннан шыққан әлем чемпиондары айқасқа түседі

29 қыркүйек 2023 10:24
©РИА Новости

Бокстан Қазақастан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергеновтің 2023 жылғы Азия ойындарындағы келесі қарсыласы белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz

30 қыркүйекте өтетін ширек финалда Асыланбек өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевпен жұдырықтасады. Бұл айқастың жеңімпазы Нишант Дев (Үндістан) - Севон Оказава (Жапония) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

Шымбергенов пен Муйдинхужаев 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегерлері. Шымбергенов 71 келіде чемпион атанған, ал Асадхужа 67 келіде үздік болған еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар