Филиппиндік боксшы Эумир Феликс Марсьяль Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында таиландтық Верапон Джонджохоны нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келі салмақта өткен жекпе-жектің бірінші раундында Марсьяль өзі нокдаунға түскен болатын. Алайда екінші раундта ол қарсыласын ауыр соққымен "төрт тағандатып" қойды. Таиландтық боксшы аяғына тұрғанымен шайқалақтап қалды, мұны көрген төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.