Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының боксшылары он жүлде жеңіп алды

Абзал Құттыбеков. Сурет: Атырау облысының бокс федерациясы

Түркияда бокстан еуропалық старттар сериясының халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы он жүлде жеңіп алды,- деп хабарлайды Vesti.kz.  

Алтын жүлдені Дархан Дүйсебай (69 келіге дейін) және Абзал Құттыбеков (91 келіге дейін) иеленді.

Ал Сағындық Тоғамбай (91 келіге дейін) және Валентина Хальзова (75 келіге дейін) күміс жүлде тақты.

Дамир Әбдіқадыр (52 келіге дейін), Болат Ерсұлтан (63), Аятулла Тәкіжанов (75), Ангелина Лукас (51), Владислава Кухта (57) және Римма Волосенкода (60) қола жүлде.